logo

Бірыңғай байланыс орталығы (ұялы телефоннан тегін)

қалалық телефоннан

ӘКК бизнес

Бұл бөлімде Алматы ӘКК-ның кәсіпкерлер мен инвесторларға арналған құралдары мен мүмкіндіктері сипатталған

Инвестицияларды тарту

Алматыда инвесторлар үшін артықшылықтар:

Құрал-жабдықтарды әкелу кезінде кеден баждарын төлеуден босату.

Салықтар бойынша артықшылықтар:

Шикізат және материалдар импортын қосылған құн салығынан босату.

Жер телімдері, машиналар мен құрал-жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары, өндірістік және шаруашылық мүкәммал, ғимараттар мен құрылыстар, есептеу техникасы және жеңіл автокөліктен басқа көлік құралдары түріндегі мемлекеттік заттай гранттар.

Басым инвестициялық жобалар үшін қосымша салық жеңілдіктері беріледі:

  • 10 жылға корпоративтік табыс салығы – 0%
  • 10 жылға жер салығы – 0%
  • 8 жылға мүлік салығы – 0%

Almaty Invest

Almaty Invest арқылы кеңес алуға, инвестициялық мүмкіндіктерді, қаланың жоспарлары мен жобаларға қажеттіліктерін білуге болады

Алматы индустриялды аймағы

Біз Алматы индустриялық аймағында ірі өндірісті орналастыру үшін барлық коммуникациялары бар жер телімдерін ұсына аламыз

Күрделі құрылыс кәсіпорны

Құрылыс бағытында еншілес Күрделі құрылыс кәсіпорнының мүмкіндіктерін қарастыра аласыз

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Біз жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асыру мүмкіндігін қарастырамыз

Активтер

Активтер — бұл коммерциялық және әлеуметтік жобаларға сатылатын тұрғын емес үй-жайлар, әкімшілік және өндірістік ғимараттар, жер телімдері.

Осы жер телімдері мен объектілер негізінде инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Активтер аукциондар мен конкурстар өткізу арқылы кәсіпкерлер мен инвесторлар арасында бөлінеді (инвестициялық ұсыныстар).

Ынтымақтастық механизмі

Жалдау

Жалдау — Алматы ӘКК серіктеске (жалға алушыға) белгілі бір уақыт аралығында объект ұсынатын ынтымақтастықтың ең қарапайым нұсқасы. Жобаның әлеуметтік бағытына байланысты объект өтеулі немесе өтеусіз жалға беріледі, сондай-ақ жалдаудың ұзақ жеңілдікті кезеңінің нұсқасы қаралады.

Бірлескен қызмет

Бірлескен қызмет — жеке заңды тұлға құрмай инвестициялық жобаны іске асыруды көздейтін ынтымақтастықтың неғұрлым икемді құралы. Тараптардың салымдары ақша қаражаты да, жылжымайтын мүлік объектілері де болуы мүмкін.Бірлескен қызмет шартта белгіленген құн бойынша инвесторға өз үлесін сату жолымен келісілген уақыт аралығы арқылы Алматы ӘКК жобасынан шығуды білдіреді.

Бірлескен кәсіпорын

Бірлескен кәсіпорын — заңды тұлға құра отырып, инвестициялық жобаны іске асыру. Бұл механизм операциялық қызметті жүргізуді көздейтін ірі мерзімсіз жобаларда қолданылады.

Сенімгерлік басқару

Сенімгерлік басқару Алматы ӘКК теңгеріміндегі белгілі бір объектіні операциялық қызметті жүргізу үшін сенімгерлік басқарушыға беруді білдіреді. Сенімгерлік басқарушы объектіні пайдалану және мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамды қанағаттанарлық жағдайға келтіру үшін қаржы қаражатын инвестициялайды. Осы механизмді  іске асыру  аясында  Алматы ӘКК пайда алушы болып табылады, ол сенімгерлік басқарушыға белгілі бір сыйақы (тіркелген мөлшерлеме немесе алынған пайданың/кірістің бір бөлігі) төлейді.

Инвестициялық шарт

Инвестициялық шарт — ынтымақтастық нысанында Алматы ӘКК инвестициялық жобаны белгілі бір мерзімге қаржыландыруды жүргізеді. Бұл механизм басым және әлеуметтік-маңызды жобаларда пайдаланылады.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Өтінім қалдырыңыз, біз оларға міндетті түрде жауап береміз!

© 2020 «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ

Бірыңғай байланыс орталығы

(ұялы телефоннан тегін)

қалалық телефоннан

Өтініш жіберу









Шағын өнеркәсіптік парктер

Шағын өнеркәсіптік парктер бұл өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін жүргізілген коммуникациялары бар аумақ.

Өндірістік үй-жайлар қала шегінде инвесторлармен немесе өндірістік базалардың меншік иелерімен салынады және жеңілдікті шарттармен беріледі:

  • Девальвациялық тәуекелдерге қарамастан тіркелген жалдау мөлшерлемесі
  • Несие мерзімі: 5–7 жыл
  • Несие сомасы:   300 млн. теңгеге дейін
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылына  2 және 6% 

Үй-жайлардың құны:

  • Жалдау – 10001200 тг/м2
  • Сатып алу – 145 000 тг/м2 дейін
 
 
Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік парктер

Байланыстар:

Стационарлық емес сауда объектілері (СЕСО)

Стационарлық емес сауда объектілері (СЕСО) — шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жеңіл құрастырмалы конструкциялар.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының 8 ауданында СЕСО-н  орналастыру үшін 99 жер телімі  іріктеліп алынды, оларды ӘКК-ге беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

СЕСО бөлу:

  1. Ағылшын әдісі (бағаны көтеру) бойынша  www.gosreestr.kz сайты арқылы аукционды өткізу 
  2. Ашық конкурс өткізу жолымен бірлескен қызмет туралы шарт жасасу арқылы жүргізіледі. 

Толық шарттары бар аукциондар туралы хабарландырулар www.spk-almaty.kz сайтында (Хабарландырулар) бөлімінде орналастырылады. 

СЕСО мысалдары
Контакт центр

Азық-түлік қауіпсіздігі

Демалыс күнгі жәрмеңкелер — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін жергілікті тауар өндірушілер мен фермерлердің ұсынғанынан жоғары емес бағамен сату бойынша Алматыдағы апта сайынғы уақытша сауда алаңдары

Қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, қаланың 8 ауданында орналасқан. Демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Жәрмеңкеге орналастыру үшін жалдау ақысы — айына 18 650 теңге

Сауда павильондары әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және белгілі бір өнім түрлерін орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатуға баса назар аударылатын тауарларды бөлшек саудада өткізуге арналған алаңдар.

Алматыда тұрақты негізде 28 павильон жұмыс істейді, олар әлеуметтік маңызы бар өнімдерді төмендетілген бағамен сатады.

Тұрақтандыру қоры — азық-түлік өнімдерінің негізгі қоры азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаның күрт көтерілуіне және азық-түлік тапшылығына жол бермеу мақсаттарына қызмет етеді. Қор жергілікті бюджет есебінен толықтырылады. 

Қазір кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен қарыз беру арқылы тарта отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаның өсуін тежеудің жаңа тетігі жұмыс істеуде.  

Байланыстар:

Almaty Finance

Almaty Finance — Алматыда жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қолжетімді қаржыландыру көзін ұсынатын кредиттік ұйым. 

  • Шағын және орта бизнесті несиелендіру жобалары
  • Қаржыландыру арқылы айналым қаражаттарында қолдау
  • 20 млн. теңгеден 500 млн. теңгеге дейін несие беру
  • Несие мерзімі: 2 жылдан 7 жылға дейін
  • Мөлшерлеме: жылына  2  және 6% 

Жобалар:

Байланыстар:

«Almaty» микроқаржы ұйымы

Almaty МҚҰ — Алматыдағы жеке кәсіпкерлік өкілдеріне қаржыландыру ұсынатын Almaty Finance еншілес компаниясы.

Аlmaty МҚҰ-ның микрокредит беру бағдарламасы «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. ұйымның негізгі басымдығы «Бизнес және жеке капитал үшін қала» миссиясына сәйкес келетін шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.

  • Шағын және орта бизнесті несиелендіру жобалары
  • Қаржыландыру арқылы айналым қаражаттарын қолдау
  • 500 мың теңгеден 58,3 млн теңгеге дейін несие беру
  • Несие мерзімі: 3 айдан бастап  7 жылға дейін
  • Мөлшерлеме: жылына  2 және 6%

Байланыстар:

«Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы

«Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы Алматының шағын және орта бизнесін және зәкірлік жобаларын дамытуды қолдау үшін әзірленді

Негізгі  бағыттары:

  • Бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау
  • Қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру
  • Әкімшілік кедергілерді азайту
  • Оқыту
  • Кәсіпкерлерді сүйемелдеу
  • Инвесторларды тарту.

Толығырақ ақпаратты

  1. «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығында алуға болады
  2. Байланыс орталығы: +7 727 225 10 79

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы  несиелер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және несиелерге кепілдік беру түрінде мемлекеттік қолдау құралдарын іске асырады. Сонымен қатар, бағдарлама мемлекеттік гранттар беруді және кәсіпкерлерді оқытуды көздейді.

Бағдарлама 4 бағытты қарастырады:       

  • Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау
  • Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау
  • Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету
  • Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары

Толығырақ ақпаратты:

  1. www.damu.kz сайтынан
  2.  Call-центр: +7 (727) 244 55 77, 8 (800) 080 1890 немесе 1408 қысқа нөмірі арқылы алуға болады

Қарапайым заттар экономикасы

Қарапайым заттар экономикасыөңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін жеңілдікпен несие беру бағдарламасы

Бағдарламаның міндеттері:

  • Қазақстандықтардың күнделікті пайдаланатын азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының (тамақ, киім және аяқ киім, жиһаз, мүкәммал, тұрмыстық техника) жергілікті өндірісін дамыту
  • Импорттық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жергілікті өнімдерге ауыстыру
  • Өнімнің басым түрлерін шығаратын отандық тауар өндірушілерге қаржылық қолдау көрсету

Толығырақ ақпаратты:

  1. www.damu.kz сайтынан
  2. Call-центр: +7 (727) 244 55 77, 8 (800) 080 1890 немесе 1408 қысқа нөмірі арқылы алуға болады

Еңбек

Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы  халықты өнімді жұмыспен қамтуға және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға жәрдемдеседі. 

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау
  2. Еңбек нарығында талап етілетін біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту
  3. «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!»  жобасы шеңберінде кадрларды даярлау («Серпін»)
  4. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын қызметкерлерді қайта даярлау
  5. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
  6. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту
  7. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда несиелерге/микрокредиттерге кепілдік беру
  8. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру
  9. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету, жұмыссыздар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу
  10. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
  11. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту
  12. «Жастар — ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру

Толығырақ ақпаратты

«Qoldaý» кәсіпкерлік орталығында алуға болады

Байланыс орталығы: +7 727 225 10 79

Нұрлы Жер

«Нұрлы жер»  тұрғын үй құрылысы бағдарламасы  халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында іске асырылуда. 

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  1. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу
  2. Кредиттік тұрғын үй салу
  3. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту
  4. Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру
  5. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарта отырып, тұрғын үй салу.

Толығырақ ақпаратты www.hcsbk.kz сайтында алуға болады

Call-centre: 300

Almaty Invest

Almaty Invest инвестиция тарту орталығы. 

 

Басты артықшылықтары:

  • Инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау және қолдау
  • Жобаларды жиынтықтау және  жылжыту
  • Әкімшілік кедергілерді болдырмау
  • Креативті индустрияларды дамыту
  • Талдау орталығының қызметі

Іске асырылатын жобалар

Байланыстар:

Алматы индустриалды аймағы

Алматы индустриалды аймағы — өнеркәсіп және өндіріс бағытындағы ірі жобаларды іске асыруға арналған аумақ.

490 га

Индустриялық аймақтың алаңы

326 га

Пайдалы алаң

271,7 га

Жобаларға бөлінді

54,3 га

Бос жер телімдері

Инфрақұрылым:

Қатысудың артықшылықтары:

  • Инфрақұрылымы бар жер телімін алу мүмкіндігі
  • ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті арқылы жер телімін заттай грант арқылы алу мүмкіндігі
  • Орталықтандырылған коммуналдық қызмет көрсетудің қолайлылығы
  • Жер телімін тиімді бағамен ұзақ мерзімді жалға алу немесе сатып алу мүмкіндігі
  • ҚР Мемлекеттік органдары тарапынан жобаға қатысушыларды ілгерілетуі және ақпараттық қолдауы
  • Өнеркәсіптік аумақтағы құрылысқа дайындық жұмыстары алдында берілетін көмек және кеңес
  • Кәсіпкерге жалға беру немесе сату үшін дайын өндірістік үй-жайлар, оның ішінде тоқтап тұрған, консервацияланған немесе жұмыс істемейтін өндірістердің өндірістік инфрақұрылымдары
Іске асырылған жобалар:

Байланыстар:

Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны

Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны — ескі тұрғын үй қорының проблемаларын шешу және азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту.

Негізгі қызметі:

  • Жаңа тұрғын үйлер салу үшін жер телімдерін іздеу
  • Бұзуға арналған үйлердің пәтер иелерін қоныстандыру
  • Тұрғын үй құрылысын қайта жаңарту – ескі тұрғын үйлерді бұзу және жаңа тұрғын үйлер салу
  • ● Жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау және объектілерде құрылыс – монтаждау жұмыстарын бақылау

56

ескі үй бұзылды

63

жаңа үй салынды

Күрделі құрылыс кәсіпорнының артықшылықтары:

  • Алматыдағы инвестициялық тартымды жер телімдері
  • Реновация объектісінде жергілікті атқарушы органдар есебінен сыртқы желілерді салу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді
  • Жобаларды толық серіктестік сүйемелдеу, оның ішінде мемлекеттік органдармен жұмыс
  • Тұрғын үй мен коммерциялық үй-жайларды жеке жобалау
  • Жобаны іске асыру сәтінде қаржы-шаруашылық қызметті дербес жүргізу

Байланыстар:

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік — бұл өзара тиімді жағдайларда қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешу үшін мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы. Алматы ӘКК жергілікті МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу жөніндегі ұйым болып табылады.

Негізгі қызметтері:

  • Жергілікті МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу 
  • Семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу
  • Зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу
  • Мемлекеттік органдармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау.

Байланыстар: